Жылан массажын жасатқыңыз келе ме?

Жылан  массажын жасатқыңыз келе ме?
ашық дереккөз
Жылан массажын жасатқыңыз келе ме?

Филиппин еліндегі хайуанаттар бағы келушілерге 4 жойқын бирмуд питонының массажын ұсынады. Сайт арқылы онда тіркелгендер бақтың әкімшілігі тарапынан тегін массаж алу құқығына ие болады. Бірақ, онда барып жыландардың ерекше массажын алу үшін асқан жүректілік қажет-ақ. Массажға тапсырыс беруші алдымен бамбук ағашынан жасалған төсенішке арқасымен шалқайып жатады. Жақсылап жайғасқан соң, оның үстіне салмағы 550 келі болатын 4 питон рет-ретімен белгілі бір тәртіпке сүйеніп қойылады. Массаж уақыты 10-15 минутқа созылады. Уқалау кезінде ем қабылдаушыға қимылдауға немесе шалт қимылдап жыланды үркітуге тыйым салынады. Тұтынушы үрейленіп, шатақ шығарған жағдайда, питон мұндай әрекетке бірден жауап қайтармай сабырлылық танытады. Олардың салмағы тым ауыр болып, астындағы адамды тұншықтырып жіберуі де әбден мүмкін. Сонда да, хайуанаттар бағынан қызық көрем деушілердің саны бір толастар емес. Хайуанаттар бағының басшысы Джованни Ромарейт «Daily Mail» сайтына берген сұхбатында: «Тұтынушылар жыландарға дене жарақатын келтірмесе болды, оларға ешқандай қауіп жоқ» деп сендіреді. Массажшы питондардың қарнын тойдыру үшін олардың әрқайсысына күніне 10 тауықтан береді екен. Ал, жылан массажын алған жүректі адамдардың айтуынша, бұл – адамды тыныштыққа, шыдамдылыққа және өз қорқынышыңды билеуге таптырмас әдіс көрінеді.

Айша АРМАНҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар