Дүниежүзінде осы күнге дейін ең экстремальды орын ретінде «Walk Titlis Cliff» көпірі деп көпшілік тарапынан мойындалған еді. Мұны аз көрген Қытай халқы енді оның әйнек түрін жасады. Бұл өзгеше көпір Тяньмэнь тауында орналасқан. Көпірмен жүріп өту арқылы жарты шақырымдық биіктікті бағындырасыз. Ұзындығы 60 метр болатын көпір мықты шишадан жасалған. Аталған көпірдің үстінен, табиғаттың таңғаларлық әсем көрінісін еркін тамашалуға болады. Әйнек көпір жердің төменгі нүктесімен салыстырғанда 1430 метр биіктікте салынған.
Ерекше көпірдің үстінен бір жүріп өтуге қалай қарайсыз? Жауап бермес бұрын, оны қытайлықтар жасағандығына назар аударыңыз да, ойланып көріңіз.
«Қылкөпірдің» үстінен жүріп өтушілер аяқ киімдерін шешіп, бахиламен алмастырады. Себебі, әйнек бүлінбеуі тиіс әрі кәдімгі аяқкиіммен жүру оңай емес. Қанша экстремальды болса да, мұнда келуші туристердің қарасы көп. Жалпы, мұндай спорт түрімен айналысудың себептері де әртүрлі. Біреулер өміріне қауіп төндіре отырып, қатты әсер алғысы келеді. Екіншілер шиеленісті сәттерге жаны құмар. Қытайға жолыңыз түсіп жатса, көпірді де көре кетіңіз.
Шынар Әлібекқызы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




