"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2018
- 653
Ойында елордалық командаға жеңіс сыйлаған екі голды да алыс қашықтықтан Ласло Кляйнхайслер соқты."Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында "Мидтьюлландты" ұтты. Елордада өткен кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Командалар арасындағы ойын 19 шілде күні дүниеден озған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алумен басталды. Елордалық команда бірінші таймда есеп ашты. 31 минутта Ласло Кляйнхайслердің алыстан тепкен добы "Мидтьюлланд" командасының қақпасында тулады. Дат командасы екінші таймда таразы басын теңестірді. 51 минутта Викхейм"Астана" қорғаушысынан сытылып өтіп, соққы жасады. Ненад Эрич жартылай қорғаушының жерлете тепкен добын қайтарып үлгермеді. Есеп теңескеннен кейін елордалық команда шабуылын үдетті. Соңғы минуттарға дейін гол соғуға ұмтылып, жеңіске бастар жолды іздеді. Негізгі уақытқа қосылған соңғы 4 минутта "Астана" алға шықты. Бұл жолы да Ласло Кляйнхайслер алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Есеп 2:1. Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Данияда өтеді.
ақпараткөзі:vesti.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




