«Қазақстан Республикасы Президенті кубогі» үшін өтетін халықаралық бокс бәсекесі жыл өткен сайын бәсі жоғары додалардың біріне айналып келеді. Айтулы жарысқа әлемнің 12 елінен 100-ден астам былғары қолғап шеберлерінің қатысуы – сөзіміздің дәлелі. Әсіресе, бокс жақсы дамыған Украина, Куба, Ресей секілді мемлекеттердің спортшылары осы аламанның көрігін қыздыра түсетіндей. Аталған елдің боксшылары біздің спортшылар үшін ыңғайсыз қарсылас екендігі белгілі. Дегенмен, өз жерінде өтетін жарыста жерлестеріміз аянып қалған емес. Олар биыл да сол биіктен көрініп, төртінші мәрте кубокты жеңіп алды. Қазақ былғары қолғап шеберлерінің қоржынында – 7 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль. Алтын жүлде алғандар – Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко. Күміс жүлдеге қол жеткізгендер арасында жамбылдық боксшы Сағадат Рахманқұлов бар. Сағадат финалда ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусіновке есе жіберді.
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




