ГЕРМАНИЯ — ЖАҢА КОРОЛЬ
Финалда Германия Аргентинаны ұтты. Осылайша неміс машинасы төртінші мүмкіндігінен әлемдік доданы жеңді. Матч алдында қазақ жанкүйерлері екіге жарылды. Біздің елде Аргентина мен Германияның фанаттары көп екеніне көз жетті. Бірі Ұлы Отан соғысы кезіндегі стереотипті сақтап «немістер жауымыз» деп оларға қарсы болса, бірі бұл елдің ойынына ғашық екені, онда Өзіл сынды мұсылманның бар екенін айтып жатты. Ал «Барселона» мен Мессидің біраз фанаты Аргентинаның тілеуін тіледі.
Қош, сонымен бір ай бойы күтіп, осы матчқа дейін талай құрамамен қоштасып үлгердік.
Шешуші матч сылбыр басталды дей алмайсыз. Қос құрама да жылдам гол салуға тырысқан. Әсіресе, немістердің қарқыны қатты көрінді. Бірақ алғашқы жиырма минутта біз қос құрама қақпасына жасалған қауіпті соққыны көрмегеннен кейін іштей 120 минут көруге дайындалдық.
Бірақ 21 минутта неміс қорғаныстың қателігінен кейін Игуаин қақпашымен бірге бір қалып, допты шірене тепкен. Бірақ доп қақпадан қиыс кетті. Игуаиннның өзі де бұл мүмкіндіктің берілгенін түсінбей қалғандай…
29 минутта Игуаин алыстан пас алып, Нойер қақпасын дәл көздегенімен, қапталдағы төреші жалаушасын көтерді. Төрешінің қызметіне мін таға алмадық. Себебі, Игуаин бұл голды офсайдтан салған еді. Ақпарат көзі: www.alaman.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




