ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ — 2014. ГОЛЛАНДИЯ — ҮШІНШІ!
Голландия жарыс қожайындарын ұтты. Матчтың үшінші минутында Роббен қақпашымен жеке дара шыуға ұмытылғанда Сильва шалып жықты да, алжирлік төреші бірден пенальти белгіледі. Нүктеге жақындаған Ван Перси бар күшімен тепті. Жулио Сезар бұл допты қайтаруға қауқарсыз еді.
16 минутта голландиялық Блинд есепті еселеп кетті. Бірінші тайм бойы Бразилия қауқарсыздық танытты. Ал екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, қарсыластарының қақпасына талай соққы жасағанымен, нәтиже шығара алмады. Ал тоқсаныншы минутында голландиялықтар сапынан Вейналдум есепті еселеді — 3:0.
Голландия әлемдік сынның қоласын алғаш рет иеленіп отыр. Бұл ел осыған дейін 1974, 1978 және 2010 жылдары күміс алған. Бразилия үшінші чемпионат қатарынан жүлдесіз қалды.
Ертең өтетін финалда Аргентина мен Германия күш сынасады.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




