Спорт және туризм
ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 11 шілде, 2014
- 742
ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін
"Коринтианс" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Аденор Леонардо Бакки Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің орнын басуы мүмкін.
Ол спорттық ортада Тите деген лақап есімімен танымал.
Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін аталмыш команданың жетекшісі Луис Фелипе Сколари өз болашағына қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталған соң қабылдайтынын жеткізген еді.
Ал бұдан бұрынырақ Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото «Сколари дөрекі қателіктерге жол бергені үшін» ел құрамасынан кетуі тиіс, деген болатын.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




