ӘЧ-2014: Бразилия тарихындағы ең ірі жеңілістен соң ел заңдарына өзгерістер енгізілмек
- author «Ақ жол»
- 11 шілде, 2014
- 214
Футболдан мұндай ірі жеңілісті енді болдырмау үшін мемлекет осы спорт түрінің дамуына көбірек қолдау көрсетуі тиіс, деп мәлім етті Рио-де-Жанейрода Бразилияның спорт министрі Алдо Ребело.
Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Қазір аталмыш ел бұл жеңілістің себеп-салдарын жан-жақты іздестіруге белсене кірісіп те кетті. Олардың қатарында жергілікті футбол клубтарының шешілмей жатқан көптеген мәселелерінің болуы мен сапалы инфрақұрылымның жоқтығы аталуда. «Германия құрамасынан жеңіліп қалуымыз футбол саласына өзгерістер енгізу қажеттігімізді көрсетіп отыр. Бізге жаңа стадиондар мен жаттығу орталықтарын салу керек», - деді министр. Халықаралық Футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) ережесі бойынша мемлекет ұлттық федерациялардың ісіне араласа алмайды. Ребело бұл туралы білетінін, алайда спорттың дамуы мемлекеттік маңызға ие болғандықтан, мемлекеттің бұл салада не болып жатқанын білуге құқылы екенін атап айтты. Бразилияның көптеген футбол клубтарының миллиондаған қарыздары бар, демек, мемлекеттің бірінші міндеті - қарыздарды жойып, оларды қаржыландыру жүйесін өзгерту керек деп санайды Ребело.
«Мұны тек заңға өзгерістер енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Мен Ұлттық конгреске клубтарды жазалау да, ынталандыру да шаралары қарастырылатын бірқатар заңдарды қабылдау туралы ұсынысымды жеткізбекпін», - деді министр.
Айта кетейік, Бразилия құрамасы алдағы сенбі күні Бразилиа қаласында Нидерланды командасымен кездесіп, үшінші орынға таласады. Әлем чемпионатының финалында Германия и Аргентина командалары бақ сынасады. Бұл ойын Рио-де-Жанейро қаласындағы «Маракана» стадионында өтеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шавкат Хабибті қашан басып озады?
- 30 желтоқсан, 2024
Қазақтың қайсар қызына құрмет
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді