Винченцо Нибали: «Қарсыластарымнан қара үзіп кетемін деп ойлаған жоқпын»
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2014
- 501
Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 5-ші турынан кейін негізгі қарсыластарын шаң қаптырып, жалпы есептегі көшбасшылығын нығайтатынын ойламаған. Бұл туралы ол бүгін тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті.
Мұның алдында хабарлағанымыздай, «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали және оның командаласы Якоб Фульсанг бұл турда 2-ші және 3-ші орындарда келген болатын. Осы жеңісінен кейін Нибали жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қана қоймай, оны нығайта түссе, Якоб Фульсанг екінші орынға жайғасты. Сөйтіп «Астана» велоклубы жалпы командалық есепте көш бастады. Ал олардың қарсыластарының бірі Альберто Контадор үш минутқа жуық уақытқа қалып келеді.
«Мен бұл кезеңде қарсыластардан ұзап кетуге мүмкіндік барын білдім, бірақ осыншама қара үзіп кетемін деп ойламаппын», - деп келтіреді AFP В.Нибалидің сөздерін. - Өте сақ болуға тырыстым, дегенмен жарыс барысындағы жағдайлар жылдам өзгеріп отырды. Бұл аса ауыр кезең болды. Бұған дейін мұндай кезеңдерден өтіп көрмеппін. Барлық командаға алғыс айтамын. Якоб Фульсанг тамаша еңбек етті".
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




