«Тур де Франс»: «Астана» велокомандасының көшбасшысы негiзгi қарсыластарын шаң қаптырды
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2014
- 545
«Тур де Франс» көпкүндiгiнiң 5-кезеңiнде жарыстың көш басында келе жатқан «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали негiзгi қарсыластарынан қара үзiп, мәреге үшiншi келдi.
Осылайша, ол Тур де Франстың сары жейдесiн өзiнде сақтап қалды. Бельгияның Ипр мен Аренберг қалалары арасында өткен 155,5 шақырымдық жолды бiрiншi болып голландиялық велошабандоз Ларс Бом жүрiп өттi. Екiншi орында «Астана» командасының спортшысы Фульсанг келдi.
Айта кетейiк, осы кезеңде Тур де Франс көпкүндiгiнiң былтырғы жеңiмпазы Кристофер Фрум жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалды. Сонымен қатар негiзгi қарсылас Альберто Контадор бұл жарыс күнiнде Астана капитанынан 2:55 минутқа қалып қойды.
Жалпы есепте Винченцо Нибали көш бастауда, екiншi орынға одан екi секундқа қалып келе жатқан «Астана» командасының тағы бiр мүшесi Якоб Фульсанг жайғасты. Үздiктер үштiгiн Петер Саган түйiндеп тұр. Ол көшбасшыдан 44 секундқа қалып келедi.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




