ӘЧ-2014: Луиз Фелипе Сколари - «Бразилияның қазiргi құрамасының 70 пайызы ӘЧ-2018 қатысады»
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2014
- 528
Бразилия құрамасының бас бапкерi Луиз Фелипе Сколари Германия құрамасынан 1:7 есебiмен жеңiлгеннiң өзiнде 2014 жылғы әлем бiрiншiлiгiнде жалпы жаман өнер көрсеткен жоқ деп есептейдi.
Маманның атап көрсеткенiндей, ұлттық команданың жартылай финалдағы сәтсiздiгi неден болғандығын анықтау қиын.
«Бразилия құрамасы 2002 жылдан берi алғаш рет әлем бiрiншiлiгiнiң жартылай финалына шығып отыр. Әрине бiз ащы жеңiлiске ұшырадық, дегенмен барлығы соншалықты нашар емес. Өзге жағдайда бiз осындай ұзақ жолды жүрiп өтер алар емес едiк», - дейдi Сколари.
«6 минут iшiнде 4 голды қалай өткiзiп алғанымызды түсiндiре алмаймын. Осы сауалға қазiр қандай да бiр жауап қата алмаспын. Бiзге ендi үшiншi орын үшiн болатын матчқа дайындалу қажет. Осыдан кейiн мен Бразилияның футбол федерациясы басшылығымен кездесiп, ұлттық құрамадағы менiң болашағымды талқылаймыз. Менiңше, Бразилияның бүгiнгi құрамасының кем дегенде 70 пайызы 2018 жылы Ресейдегi әлем чемпионатына қатысады», - деп атап өттi ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




