Әкімнің бірінші орынбасары «үздік ойыншы» атанды
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2018
- 672
Астананың 20 жылдығына орай облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен шағын футболдан ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті. Бәсекенің жартылай финалында таластықтар Тараз қаласының құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, Шу ауданының құрамасы жамбылдықтардан айласын асырды. Шешуші ойында Талас ауданының құрамасы шулықтарды 4:2 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Үшінші орын Тараз қаласының құрамасына бұйырды. Олар Жамбыл ауданының ардагерлерін ұтты. Бұл жарыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жарыстың «үздік ойыншысы» атанды. Лесбек Ұзақбаев «үздік қақпашы» деп танылса, Кәрім Кенжебаев «үздік қорғаушыға» берілетін жүлдені иеленді. Асхат Жүнісәлиев әдемі голдарымен ерекшеленіп, жарыстың сұрмергені деген атаққа лайық екенін дәлелдеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және медальдармен марапатталды.
Әшірәлі Кенжеғара, облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




