
Тараз қаласының шығыс жағындағы бұрынғы «Кирбаза» мекемесі ауласында белгісіз біреулердің қызыл мия тамырын тайлап жатқаны жайында ұзынқұлақтан жеткен хабар бойынша іздеп барғанбыз. Атшаптырым ауланың шығыс қанатында тайланған тамырлар жатыр. Текшелеп емес, қатарлап жиылған. Одан әріректе тайлағыш агрегат тұр. Маңайында әлі тайланбаған тамыр үймектері.
Біз жолыққан Ғани атты азамат, сірә жұмысшылардың үстінен қарайтын болуы керек, «бәрі де заңды» дегеннен басқа ештеңе айтқысы келмеді. Әйтеуір, бастығының аты Азамат екенін білдік Ғанидан. Қызыл мия өсімдігінің тамырынан әртүрлі дәрі-дәрмектер жасалатынынан хабардар едік. Ал, оның табиғатқа келтіретін зардабы пайдасынан басым сияқты. Қызыл мия тамырымен аударылған жер эррозияға ұшырап, онда ұзақ жылдар ешқандай өсімдік өспейтін көрінеді. Ал, қара басының қамы мен оңай олжа табуды ғана ойлаған пайдакүнемдер ол жағына бас ауыртпайтын сыңайлы. Осы жерде «табиғат қорғау прокуратурасы қайда қарап отыр?» деген заңды сұрақ туады. Қалай болғанда да, арзан шикізат үшін табиғат апатына апаратын іс-әрекет жасап жатқандарға бір тыйым болуы керек қой. Ендеше заңдылықты қадағалау органдары осы мәселенің ақ-қарасын анықтап, біздің алаңдаушылығымызға жауап беруге тиіс. Өйткені, бізді қоғам келешегі алаңдатады. Табиғат – тірі организм. Адамзатқа оның саулығы керек.
Болат Жаппарұлы, «Ақ жол».
Тараз.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілік жүгін абыроймен арқалап жүрген жауынгер
- 27 мамыр, 2025
Әскери кафедралардың әлеуеті қандай?
- 27 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- Бүгін, 12:12
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді