Кәсіпқой бокс әлемінде өзінің шын мықты екенін айқындап, екі салмақ дәрежесінде тұңғыш әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов араға екі жыл салып, шаршы алаңға оралды. Кәсіби мансабында жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы белбеуін бұған дейін де беліне таққан Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді өзіне қайтарды. Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаямен қолғап түйістірген қазақ оғланы қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бірінші раундтың өзінде-ақ Алтункаяны бауырынан ұрып, баудай түсірген Шүменовтің мықтылығы айқын аңғарылды. Тоғызыншы раундта түрік боксшысы тағы да нокдаунға түсіп қалды. Нәтижесінде бапкерлері оны оныншы раундқа шығарудан бас тартты. Жарқын мәнерде жеңіске жеткен Бейбіт Шүменов жекпе-жек аяқталған соң: «Елорданың 20 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын. Елбасымыз аман болсын. Осы бейбіт күнімізді құрметтейік. Алдағы 2-3 жылда талай қазақ баласы әлем чемпионы атанарына бек сенімдімін» деп өз ойымен бөлісті. Бұл күні екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты техникалық нокаутпен жеңіп WBA Asia белбеуін иемденсе, аталмыш салмақтағы Арман Рысбек грузиялық Сандро Терашвилиді, бірінші ауыр салмақтағы Али Балоев әзірбайжандық Казим Умудовты мерзімінен бұрын ұтып, жанкүйерлерді желпінтіп тастады. Өзге де бірқатар боксшыларымыз кездесулерінде жеңіске жетті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




