Қабырғасы сынған Алтункаяны Шүменов неліктен бірден нокаутқа түсірмеді?
- author «Ақ жол»
- 9 шілде, 2018
- 569
Шүменов Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.
Кубалық белгілі бапкер, екі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстанның тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің жаттықтырушысы Исмаэль Салас титулдық жекпе-жекте Алтункаяны неліктен бірден нокаутқа түсіруді талап етпегенін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
Шүменов қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген еді. Сол кезде қазақстандық боксшының қарсыласының қабырғасын сындырғаны кейін анықталды. Жекпе-жек оныншы раундқа дейін жалғасты. Бірақ, Шүменов сол кезде соққыларын үдетуге болғанын, алайда бапкерінің тактикасы бойынша жұдырықтасқанын айтты.
"Бейбіт ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шыққан жоқ және мен алты-жеті раундтан әрі шыдаған болса оны жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Сонымен қатар, ол рингте болып жатқанның барлығын бақылай алды, мен өте бақыттымын. Әзірше жоспар құрудың қажеті жоқ. Бейбітке демалу керек, себебі онда ұзақ жаттығу лагері болды. Содан кейін ғана алдағы жоспарларды талқылаймыз", - деді Салас.
Еске сала кетейік, Шүменов Астанада түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңді. Бұл жеңіс Шүменов үшін 18-нші болып отыр (12 - уақытынан бұрын), сөйтіп ол WBA титулын қайтарып алды. Салас үшін бұл белдік шәкірттерінің бірі алған жиырмасыншы белдік.
Шүменов пен Алтункаяның жекпе-жегінде түсірілген фоторепортажды мына жерден көруге болады.
ақпараткөзі:vesti.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




