Ресей құрамасын жеңген Хорватия жартылай финалға шықты
- author «Ақ жол»
- 9 шілде, 2018
- 559
Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Хорватия құрамасы жолдама алды.
Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Хорватия құрамасы жолдама алды. Сочидегі Фишт стадионында өткен ойында Хорватия Ресей құрамасын пенальти сериясынан 2-3 есебімен ұтты. Ойынның 31 минутында шабуылшы Артем Дзюбадан пас алған Денис Черышев өзіне кедергі келтіруге тырысқан Лука Модричті қапы қалдырып, асқан дәлдікпен айып алаңының сыртынан гол соқты. Есеп 1-0. Қақпашы Даниэль Субашич голдың қалай кіргенін аңдамай қалды. Себебі соққы дәл тоғыздыққа бағытталған еді. Хорватия құрамасы 39 минутта есепті теңестіріп кетті. Қараусыз қалған сол қапталдан еркін өткен Марио Манджукич соққы бағыттауға дайындалып келе жатқан Андрей Крамаричке пас асырып, голдық пас жасайды. Жартылай қорғаушының басымен бағыттаған добы Игорь Акинфеев қақпасында тулады. 60 минутта Иван Перишич гол соғуға жақын болды. Қарбаласқан сәтте ұрымтал тұстан бағытталған соққы қақпа бағанына тиіп, алаң сыртына шығып кетті. Негізгі уақыт аяқталып, командалар экстра тайм ойнады. 101 минутта бұрыштамадан асырылған допты қақпаға бағыттаған Домагой Вида гол авторы атанды. Есеп 1-2. Ал 115 минутта Ресейліктер айып добын орындап есепті теңестірді. Гол соққан – Марио Фернандес. Есеп теңесті. Экстра таймдар нәтижесі бойынша да есеп тең болып, ойын пенальти сериясына ұласты. 120 минутқа созылған күрделі ойынның тағдырын гол соққан Марцело Брозович, Лука Модрич, Домагой Вида, Иван Ракитич шешіп кетті. Қақпашы Игорь Акинфеев 1 сэйв жасаған еді, алайда Марио Фернандес пен Федор Смолов өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Осылайша, Хорватия құрамасы ширек финалдық бәсекелерді тәмамдады. Енді жартылай финалда Франция-Бельгия, Англия-Хорватия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.
ақпараткөзі:vesti.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




