Сенбіде Тараз қаласы әкімдігі дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен Астана күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында «Жеңісім саған — Астана» атты веломарафон өткізілді. Облыс орталығындағы «Достық» алаңындағы сөреде сап түзеген спорт әуесқойлары алдында қала әкімі Нұржан Календеров пен спорт ардагері Мария Бабанова веломарафонға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, Астана күнін атап өту, облыс орталығында салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде насихаттауға тарту мақсатымен өткізіліп отырған спорт бәсекесіне қатысушылардың табысқа жетуіне игі тілектерін білдірді.
Сөреден жеке-жеке аттанған веломарафонға қатысушы ерлер және қыздардан құралған командалар жарыс мәресі болып белгіленген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы саябаққа дейінгі аралықтағы 2,5 километр қашықтықты жеңіске деген үлкен құлшыныспен жүріп өтті. Мәре сызығын алғашқылардың сапында қиып өткен қос команданың әрқайсысының он велошабандозы Тараз қаласы әкімдігінің дипломы және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға марапаттауларды қала әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы, олимпиада ойындарының жүлдегері Оксана Борисюк тапсырды.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




