«МИНЕЙРАНДАҒЫ» ТРАГЕДИЯ

«МИНЕЙРАНДАҒЫ» ТРАГЕДИЯ
ашық дереккөз
«МИНЕЙРАНДАҒЫ» ТРАГЕДИЯ
 Әлемдік мундиальдың жартылай финалдық ойындары нағыз «трагедиямен» басталды. Голден-гол! Бразилия өз алаңында  Германия құрамасынан 1:7 есебімен ұтылды. Бұл көрсеткіш жалпы жартылай финалдық ойындар тарихында кездеспеген. Бұл жаңашылдық. Немістер қатарынан гол салған Клозе болса, жалпы Әлем чемпионаты тарихындағы ең көп гол салған футболшылардың тізімін бастады. Осыған дейін бразилиялық Роналдо Германия жерінде болған (2006 жыл) чемпионатты он бесінші голын салып көшбастап тұрған болатын, ал Клозе Бразилия елінде тізгінді өзі алып отыр. Осының өзі мундиаль тарихына айтарлықтай дүрбелең орнатты.  Бразилия жанкүйерлері тұрмақ, қарапайым алыстағы футбол көрермені күтті ме осындай жағдайды? Бұл нағыз «трагедияға» толы кеш болды. Сары түсті жейдедегі ойыншылардың көңілін ойрандап кетті. Немістер әр ойынға әр түрлі жоспар құрып шығады. Бүгінде дәл солай жасады. Әр кездесу сайын өз нәтижесін беріп келеді. «Неймар үшін финалға шығамыз»- деген құр сөз болып қалды. Мақсат қойды, орындай алмады.  Германия құрамасының шабуылы тым «өткір» болды. Ашық қалса болғаны «сақ» еткізуге дайын футболшылар жүгіріп жүрді алаңда. Ал, Бразилия құрамасы ше? Бразилиялықтардың шабуылы айтарлықтай оң нәтиже берген жоқ, өрнек көрсеткен жоқ. Биылғы мундиальдың ең ебедейсіз шабуылшысы, басқа фанаттар тұрмақ өз жанкүйерлері аяғына доп тисе «улдеп-гулдеп» сала беретін Фредттің қолынан еш қайран келмеді. 2 Немістердің аяғына түскен доптың бәрі «гол». Бразилия құрамасында белсенді ойнағандар Луис, Марсело, Оскар, Бернард төрттігі. Шабуылшылар жарытып ештеңке көрсете алмады. Германия құрамасынан пасы тура, тепкені жойқын шығатын Кроос екі гол, алаңға қосалқы құрамнан қосылған Шюррле екі гол, Хедира, Клозе, Мюллерлер бір-бір голдан салды. Алаң иелерінен салынған жалғыз голдың авторы – Оскар. 3 Ашуға булыққан қызуқанды жанкүйерлер ойын соңында көше ортасында наразылық ұйымдастырған. Бразилия туын өртеп, тәртіп сақшыларымен күрскен. Бұл үшін Бразилия құрамасы ФИФА тарапынан айыпталуы мүмкін… 4 Үш минут ішінде Бразилия жұртшылығын жылатып, алаңдағы сары түсті жейдедегі жанкүйерлерге «сау бол!» айтып шығарып салған Германия құрамасы келесі кезеңде. Қарсыласы бүгін түнде белгілі болады (Аргентина – Голландия). Fans of Brazil react during their 2014 World Cup semi-finals against Germany at the Mineirao stadium in Belo Horizonte Әлемдік мундиальдың басты мергені бүгіннен бастап Мирослав Клозе болып танылды. 6   Әлем чемпионатының жалпы мергендер тізімі: 1-16 гол – Мирослав Клозе (Германия). 2-15 гол – Роналдо (Бразилия). 3-14 гол – Герд Мюллер (Германия). 4-13 гол – Жюст Фонтен (Франция). 5-12 гол – Пеле (Бразилия). 6-11 гол – Шандор Кочиш (Венгрия), Юрген Клинсманн (Германия). 7-10 гол – Габриэль Батистута (Аргентина), Теофило Кубильяс (Перу), Гжегож Лято (Польша), Гари Линкер (Англия), Хельмут Ран және Томас Мюллер (Германия). [caption id="attachment_7262" align="alignnone" width="600"]Роналдо — өз рекордының бұзылғанын, өз көзімен көрді. Сол сәтте жергілікті телеарналардың бірінде комментаторлық қызметте отырған. Роналдо — өз рекордының бұзылғанын, өз көзімен көрді. Сол сәтте жергілікті телеарналардың бірінде комментаторлық қызметте отырған.[/caption]  БРАЗИЛИЯ – ГЕРМАНИЯ  - 1:7 (0:5). 9 шілде. Белу-Оризонти. «Минейран» алаңы. Бас треші: Марко Родригес (Мексика) Голдар: Мюллер, 11 (1:0), Клозе, 23 (0:2), Кроос, 24 (0:3), Кроос, 26 (0:4), Хедира, 29 (0:5), Шюррле, 69 (0:6), Шюррле, 79 (0:7), Оскар, 90 (1:7). Ескерту алды: Данте 68. БРАЗИЛИЯ:Жулио Сезар, Марсело, Давид Луис, Данте, Майкон, Луис Густаво, Фернандиньо 46 (Паулиньо), Оскар, Бернард, Фред 70 (Виллиан), Халк (Рамирес). ГЕРМАНИЯ:Мануэль Нойер, Бенедикт Хеведес, Матс Хуммельс 46 (Пер Мертезакер), Жером Боатенг, Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер, Сами Хедира 76 (Юлиан Дракслер), Месут Өзіл, Тони Кроос, Томас Мюллер, Мирослав Клозе 58 (Андре Шюррле). Ойынды соңына дейін жеткізбей, отырған орындарынан тұрып кетіп жатқан жанкүйерлер кездесу барысында үдей түсті. Сандары да арта берді. Бразилия құрамасы дәл осындай жеңілісті ешқашан көрмеген. Сары жейделілер үшін 3:0-дің өзі артық есеп болатын. Бүгін Бразилияның туы құлады. Алаңға Тиагу Силва мен Неймардың жетіспейтіндігі анық аңғарылды. [caption id="attachment_7263" align="alignnone" width="454"]Луис бәрін жасады. Силва Бразилия құрамасына жетпеді Луис бәрін жасады. Силва Бразилия құрамасына жетпеді[/caption] [caption id="attachment_7264" align="alignnone" width="604"]9 Ойында Бразилия құрамасы тарапынан салынған голдың авторы Оскардың өкініші[/caption] [caption id="attachment_7265" align="alignnone" width="523"]10 Ойынның үздігі — Тони Кроос[/caption] Ақпарат көзі: alaman.kz    

Ұқсас жаңалықтар