ақпараткөзі: 24.kz
Спорт және туризм
ӘЧ-2018: Испанияны ұтқан Ресей құрамасы ширек финалға шықты
- author «Ақ жол»
- 1 шілде, 2018
- 543
ӘЧ-2018: Испанияны ұтқан Ресей құрамасы ширек финалға шықты
Бүгін Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Мәскеудің «Лужники» стадионында Испания және Ресей құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойын алдынан Испания фаворит ретінде көрсетілген болатын. Бірақ чемпионат қожайындары оларға табанды қарсылық көрсете алды. 12-минутта пиренейліктер айып добын орындағаннан соң есеп ашылды. Сергей Игнашевичтің аяғынан серпілген доп күтпеген жерден қақпаға бағыт алып, Игорь Акинфеевті қапы қалдырды. Жылдам салынған голдан кейін допты испандықтар көбірек ұстағандықтан, ойынның қарқыны біршама бәсеңдегендей болды. 41-минутта ресейліктер бұрыштамадан кейін есепті теңестірді. Испания құрамасының орталық қорғаушысы Пикенің қолына доп тигендіктен, пенальти белгіленді. Артем Дзюба он бір метрлік нүктеден мүлт кеткен жоқ – 1:1. Екінші таймда Испания бүкіл алаңда үстемдік орнатты. Тайм соңғы минутында допқа иелік ету көрсеткіші 78/22 пайыз, ал қақпаға бағытталған соққылар көрсеткіші 8:0 болғаны да осыны растаса керек. Алайда ешбір командаға ойынның негізгі уақытында жеңіс голын соғудың сәті түскен жоқ. Голландиялық төреші Бьёрн Кюйперс командаларды үзіліске шақырды. Енді ойын тағдырын 15 минуттан екі экстра-тайм немесе пенальтилер сериясы шешетін болды.
Тағы да жарты сағат бойы тек испандардың шабуылына куә болдық. Алайда қосымша отыз минутта да гол соғылған жоқ. Ал футбол лотереясында сәттілік Ресей жағында болды. Пенальтилер бойынша есеп – 4:3.
Айта кетейік, енді Ресей ширек финалда Хорватия – Дания ойынында жеңіске жеткен командамен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




