Кеше Астана күніне орай Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтың қолдауымен, сондай-ақ, қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ерлер мен әйелдер арасында веложарыс болып өтті. Жарыс басталмас бұрын Н.Календеров құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәт-сапар тіледі. Одан кейін қатысушылар орталық «Достық» алаңынан Тұңғыш Президент саябағына дейін жүріп өтті. Межеленген жерге жеткен алғашқы он ер азамат пен он әйел арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал, жүлделерді қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борюсюк табыс етті. Жарысқа қаладағы спорт мектептерінің өкілдері қатысты.
Осы күні кешкі сағат 18.00-де «Жас ұландық» жастардың қатысуымен флэш-моб ұйымдастырылды.
«Ақ жол – Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




