«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мессидің мысы командасына мүмкіндік бере ала ма?

Мессидің мысы командасына мүмкіндік бере ала ма?
ашық дереккөз
Мессидің мысы командасына мүмкіндік бере ала ма?
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70685,70686,70690"]

Сонымен, футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші тур ойындары да қызыққа толы сәттерімен жалғасуда. Әсіресе көпшілік күтпеген, тосын жағдайлар толастар емес. Футбол сонысымен футбол шығар, мүмкін! Мәселен, «А» тобында ресейліктерге 5 гол айырмасымен ұтылған Сауд Арабиясы құрамасын Уругвай қалпақпен ұрып алады деп ойлағанбыз. Алайда бұл ойында уругвайлықтар әупіріммен ұтты. Есеп – 1:0. Ал футбол мамандары «В» тобында өнер көрсететін испандықтарды фоварит санаған, әлемнің, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы атанған бұл құрама ирандықтардан «емтихан алады» деп болжанған еді. Ойын жағдайы мүлдем басқаша өрбіді. Алғашқы таймда Диего Коста соққан голдан кейін испандықтардың қолы да, аяғы да жүрмей қойды. Есесіне ирандықтар бірнеше қауіпті сәт тудырды. Оның бірі голға айналған еді, алайда алаңдағы төреші «ойыннан тыс қалды» деп санамай тастады. Әйтпесе атағы жер жарған Испания құрамасының жағдайы қиындай түсер еді. «С» тобындағы Дания мен Австралия құрамалары арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал франциялықтар жеңісті «жорығын» жалғастырды. Олар перуліктерден 1:0 есебімен басым түсіп, соңғы ойынның нәтижесіне қарамастан, плей-офф кезеңінің жолдамасын қалталарына салып үлгерді. Келесі мүмкіндік Дания құрамасында, алайда австралиялықтар соңғы кездесуде Перу құрамасын ірі есеппен ұтатын болса, келесі кезеңге шығуы мүмкін. Ол үшін даниялықтар Франция құрамасына есе жіберулері тиіс. Әлемдегі үздік құрамалардың бірі саналатын Аргентина екінші турдан кейін жағдайын қиындатып алды. «Д» тобында өнер көрсететін олар Хорватия құрамасынан 0:3 есебімен күйрей жеңілді. Әлемнің үздік ойыншысы Мессидің шарасыздығын көру де ауыр екен. Әзірге екі ойында бір ұпай ғана жинаған аргентиналықтардан плей-офф кезеңінің мүмкіндігі алыстап барады. Ол үшін Нигерия құрамасы Исландияны ұтып, соңғы ойында Аргентинадан ұтылуы тиіс. Бірақ жағдайдың қалай боларын кім біледі? Кеше «Е» тобындағы Бразилия құрамасы Коста-Рика құрамасымен кездесті. Кездесудің 91-минутында Коутино бразилиялықтарды алға шығарса, 96-минутта Неймар есепті еселеп кетті. Енді чемпионатты жеңіспен бастаған сербиялықтар Швейцарияға қарсы ойында қарқындарынан жаңылмағандары абзал. «Г» тобында да кімнің топтан шығатыны әзірге белгісіз. Жұрт асыға тосып отырған Германия мен Швеция арасындағы кездесу бүгін кешке өтеді. Футбол қызығы қызып келеді, ағайын!

Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар