Тегін жоғары білім беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сай азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары білім алуға құқығы бар. Мемлекет жыл сайын жоо-да оқып жатқан студенттерге немесе әрбір үшінші оқушыға 49 мыңнан аса грант береді. Биыл 20 мың талапкер грантты қосымша алуына мүмкіндік бар. Оқу кезеңінде жоо студенттеріне 21 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия беріледі, магистранттар 54 мың теңге алады. Барлық жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Елімізде 20 жыл бойы «Болашақ» халықаралық стипендиясы қолданылып келеді, бағдарлама аясында әлемнің ең үздік университеттерінде оқу үшін 12 мыңнан аса стипендия тағайындалды. Жалпы алғанда, мемлекет білім беруге жыл сайын 400 миллиард теңге, соның ішінде жоғары және жоо-дан кейінгі білімі бар мамандарды қайта даярлауға 140 миллиард теңге бөледі.
Балалардың тамақтануы Мектептердегі тамақ тегін негізде және ата-аналар есебінен төленеді. Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы негізінде тегін тамақпен: - аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар; - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - тж нәтижесінде жедел жәрдем талап ететін отбасылардан шыққан балалар; - ауыр өмірлік жағдайға душар болған балалар қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптардың 442 263, соның ішінде 280 000 әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушы тегін тамақтандырылады. Астана қаласында, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бастауыш сыныптардың барлық оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету Бүгінге жатақханалармен 68 мыңнан (33,5%) астам басқа қалалардан келген студенттер немесе әрбір үшінші талапкер қамтамасыз етілген. «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде үш жылдың ішінде 75 мың орынға арналған жатақханалар салынады, осы арқылы жатақханаға деген барлық сұранысты жабу жоспарлануда. Осыған бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінеді (2019 жылы – 1 миллиард, 2020 жылы – 4 миллиард, 2021 жылы – 10 миллиард).
Оқытушылардың еңбекақысын төлеу Мектепке дейінгі ұйымдарда 90 мыңнан астам оқытушы жұмыс істейді (63,6 пайызы – жоғары педагогикалық, 34,8 пайызы – техникалық, 1,6 пайызы – жалпы орта білім). Мектепке дейінгі ұйым тәрбиелеушісінің айлық еңбекақысының мөлшері өтіліне байланысты 76 000 теңгеге дейін. Ағымдағы жылы оқытушыларға еңбекақысына 30 пайыз үстемеақы төленуде, ал 1 қыркүйектен бастап педагогикалық шеберлігі үшін оларға еңбекақыны тағы 50 пайызға өсіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді