Әуесқой бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды. Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген ел мақтанышы Данияр 30 жастағы венгриялық Габор Горбичпен қолғап түйістіреді. Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегінде Ұлыбритания астанасы Лондонда керілген шаршы алаңда сынға түседі. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокс әлеміндегі бірінші кездесуінде америкалық Ноа Киддпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіс тойын тойлаған болатын. Габор Горбич соңғы шайқасын өзбекстандық Шахрам Гиясовқа қарсы өткізіп, төрешілердің біржақты шешімімен Шахрамнан ұтылып қалған еді. Ал Шахрам Гиясов Рио Олимпиадасының ақтық сынында Данияр Елеусіновке есе жіберген-ді. Қазақстандық боксшы алтыншы маусымнан жетінші маусымға қараған түні шаршы алаңға көтеріледі. Екінші шайқасында кәсіпқой рингте отыздан астам кездесу өткізген боксшымен жұдырықтасатын Данияр жеңіске жеткен жағдайда мол тәжірибе жинап қана қоймай, өз салмақ дәрежесі бойынша рейтингін де біраз түзеп алатыны анық. Отандасымыз осы жылдың өзінде әлі бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




