Қазақстанда жаңа спорт түрі пайда болды - Бампер Бол. Бұл ойынға қатысушылар арнайы сфераларды киіп алып, қарсыласының қақпасына доп соғуға тырысады. Футболдың ерекше түрі көптеген шет мемлекеттерін бағындырып үлгерді. Енді Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.
Ерекше футболдың бірінші матчы 2011 жылдың соңында Норвегияда өткен болатын. Содан бері аттракцион халық арасында кеңінен танымал. Ойын барысында «футболшылардың» аяғы ғана бос болады, сондықтан тепе-теңдікті сақтау қиын. Шармен футбол ойнаудың бар қызығы да сол. Тіпті, жарыс сумо балуандарының күресіне де ұқсайды. Ойынның ұзақтығы - 30 минут. Оған 5 жастан жоғары балалардың да қатысуына болады. Бұл спорт түрінде жарақаттар болмайды. Мерекелік шара 5, 6, 7 шілдеде «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми порталы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




