Таэквондодан Вьетнамның Хошимин қаласында ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан ұлттық құрама командасы да қатысып қайтты. Ұлттық құрама сапында айтулы аламанда жамбылдық жампоз, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Руслан Жапаров та бақ сынады. Сары құрлықтың кілең «сен тұр, мен атайын» мықтылары топқа түскен Азия біріншілігінде Руслан ойдағыдай нәтиже көрсетіп, сенім үдесінен шыға білді. 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық таэквондошы құрлық біріншілігінде жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Руслан Жапаров дода барысында бірнеше қарсыласынан басым түсіп, ақтық сынға шықты. Тек финалдық бәсекеде ғана қарсыласына есе жіберген жерлесіміз күміс жүлдеге қол жеткізді. Азия біріншілігінен өзге де қазақстандықтар олжалы оралды. Құрлықтық аламанда 87 килограмм салмақта сынға түскен шымкенттік Смайыл Дүйсебай алтыннан алқа тағынса, 54 килограмм салмақтағы астаналық Айтуар Шәйкенов пен 73 килограмм салмақтағы алматылық Мереке Жүнісов қола медальды қоржынымызға салды.
ТабиғатАБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




