жамбылдық жасөспірімдер ел біріншілігінде 11 жүлде иеленді
Бокстан 2004-2005 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер додасында облыс намысын қорғаған жеткіншектер жасындай жарқырап, он бір жүлдені қоржынымызға салды. Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында өткен ел біріншілігінде бұған дейін жазғанымыздай, 38 килограмм салмақтағы Н.Жылқыбайдан бөлек, 46 килограмм салмақ дәрежесіндегі Т.Жиынбай, 54 килограмм салмақтағы А.Самақ, 60 килограмм салмақтағы А.Алиев, 66 килограми салмақ дәрежесіндегі С.Айбарұлы ел чемпионы атанып, мерейімізді тасытты. Қазақстан чемпионатында тағы бір жамбылдық оғлан, 30 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен А.Қалман күміс жүлдеге қол жеткізсе, 58 килограмм салмақтағы Т.Бабаханов, 32 килограмм салмақтағы Е.Ормантай, 40 килограмм салмақтағы Б.Пірәлі, 44 килограмм салмақ дәрежесіндегі Ш.Нұрланұлы, 56 килограмм салмақтағы А.Асылхан қола жүлдеге қол жеткізді. Жақсылық Молдаханов жаттықтыратын облыс құрамасы осылайша тамаша нәтиже көрсете білді. Ел біріншілігіне аттанған 12 сайыпқыранның 11-і жүлдегер атанғаны зор мақтаныш.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




