Біздің елдің Самбошылары топ жарды
Моңғолия астанасы Улан-Батор төрінде самбошылар арасында Азия біріншілігі өтті. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында жалауы желбіреген құрлық додасында Қазақстан спортшылары толайым табыстарға қол жеткізді.
Сары құрлық біріншілігінде алдымен жасөспірімдеріміз жасындай жарқырады. Олар бес бірдей алтын жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 56 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Гүлназ Нұрадинова, 60 килограмм салмақтағы Асылжан Орынбасарова, 65 килограмм салмақтағы Кемелбек Молдаш, 70 килограмм салмақта бақ сынаған Жұмадулла Оңалбай, 87 килограмм салмақтағы Ізбасар Ералиев өздерінің шын мықты екендіктерін әйгілеп, алтыннан алқа тағынды.
Жастар арасындағы аламанда қазақ саңлақтарына төрт алтын жүлде бұйырды. 48 килограмм салмақтағы Асқар Еспосынов, 52 килограмдағы Абдухамид Абдуразаков, 68 килограмм салмақ дәрежесіндегі Арнұр Қуатай, 90 килограмм салмақтағы Марат Байқамыров жеңістің ең биік тұғырынан көрінді.
Ересектерді қоса есептегенде, Қазақстан құрама командасы 51 жүле еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ел спортшылары 22 алтын, 16 күміс, 13 қола жүлдені қанжығаларына байлады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




