Оралдағы футболдан әлем чемпионатын болжайтын көріпкел мысықтың болжамы дәл келді.
Кеше Сюзи Франция мен Нигерия матчында француздар топ жарады деп болжаған болатын.
Тартысты өткен ойында есеп 79-минутта ашылды және алғашқы допты француз футболшысы Поль Погба салды. Ал 90-минутта нигериялық құраманың қорғаушысы Йобо автогол авторы атанды. Айта кетейік, аталмыш доп мундиальдағы 10-шы автогол және бұл бұрын-соңды болмаған рекорд ретінде тіркелді. Осылайша Француздар ¼ финалға өтті. Мысық өзге көріпкел жануарлар секілді бәсекеге түскен құрамалардың аты жазылған қағаз жапсырылған ыдыстағы тағамды таңдау арқылы болжады. Үй жануарының иесі Әлиханның сөзіне қарағанда, биылғы әлем чемпионатында Сюзи әлі қателескен емес. Міне, оған біз де куә болып отырмыз.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




