Қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді
- author «Ақ жол»
- 1 шілде, 2014
- 812
Қазақстандық паралимпиадашылар Польшада өткен халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Дархан Калетаев мәлім етті.
Д.Калетаевтың айтуынша, 27-29 маусым күндері Польшада паралимпиадашы спортшылар арасында халықаралық турнир өтті. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің түпкір-түпкірінен келген 22 команданың 170 спортшысы қатысты.
«Біздің спортшыларымыздың 9-ы бірінші орынды иеленді. Ал 11-і күміс, 10-ы қола медаль еншіледі. Бұл - паралампидалық құраманың, комитеттің зор жетістігі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл соңғы жылдардағы Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің жүргізіп отырған жұмыстарының, мемлекет тарапынан бөлініп отырған зор қамқорлықтың нәтижесі деуге болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




