Жақсылық Мамырбекұлы жасы 65-ке келсе де жеңіл атлетикалық марафондардан сырт қалған емес. 42 шақырым қашықтықты құрайтын сындарда топқа түсіп жүрген ол таяуда Алматыдағы халықаралық додада бақ сынап қайтты. Жалпыхалықтық сипатқа ие аламанға әлемнің 13 елінен ресми түрде 14 мың адам қатысты. Жарысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөзбен ашып берсе, зілтемірші Майя Манеза, жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жақсылық Мамырбекұлы аталмыш аламанға жалғыз барған жоқ. Жәкеңнің немересі, №29 Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушысы Бақтияр Жақсылық 3 шақырым қашықтықта топқа түсіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді. Мыңдаған азамат жарысқан додада үздіктердің қатарынан көріну – әрине, мықтылықтың белгісі. Ал 42 шақырымдық қашықтықты еш қиналмай еңсерген Жақсылық Мамырбекұлы өзі құралпылас азаматтардың алды болды. «Жасыл ел-Тараз» мекемесінде еңбек ететін қарт спортшы жеңіл атлетиканы жанындай сүйеді. «Үйдегі немерелерімнің барлығы осы спорт түрімен шұғылданады. Денсаулығымыздың жақсы болуы өзімізге байланысты. Ол үшін біз жастарға үлгі болуымыз керек. Үлкендер жағы осыны ескерсе екен», – дейді ол өз ойымен бөлісіп.
Ардагер халықаралық аламанда бақ сынады
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




