Хоккейден бірінші дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақстан құрама командасы екінші кездесуде Ұлыбритания командасын 6:1 есебімен ойсырата ұтып, өздерінің шын мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеді. Қос команда арасындағы ойын аса тартысты басталды. Кездесудің үшінші минутында Ұлыбритания құрамасының ойыншысы Люк Феррера қанжығасын майлап есеп ашса, 15-минутта Дмитрий Гренц мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Тартысты өткен ойынның екінші кезеңінде қазақстандық хоккейшілер қарсыластарынан бір бас жоғары екендіктерін аңғартты. 33-минутта Антон Сагадеев еншісіне бір шайба жазып, есепті 2:1-ге жеткізсе, 35-минутта Роман Старченко мүмкіндігін мүлт жібермей, құрамамыздың басымдығын нығырлай түсті. Үшінші жиырма минуттықта ұлттық құраманың оғландары тағы үш шайба соқты. Ойынның 42-минутында Роман Старченко дубль авторы атанса, араға төрт минут салып Никита Михайлис есепті 5:1-ге жеткізді. Ал кездесудің 47-минутында Әлихан Әсетов ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп – 6:1. Қазақстан құрамасының пайдасында.
Бет қатталып жатқанда: Өкінішке қарай, хоккейші жігіттеріміз Италия жігіттеріне 0:3 есебімен есе жіберді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді