Кек алу үшін адам өлтірген жамбылдық жігіт ұзақ жылға сотталды
- author «Ақ жол»
- 25 сәуір, 2018
- 422

Өткен күзден бері құпия сақталған қылмыстық істің жай-жапсары бүгін ғана айтылды. Белгілі болғанындай, Қаракемер ауылының тұрғынын жаппай төбелесте құмтиындық Нұрзат Тілеубеков атып өлтірген.
30 жастағы марқұмның денесіне 30 жерден бытыра тиіпті. Қансыраған ол оқиға орнында жан тапсырған.
Адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тілеубековтің қылмысы толық дәлелденіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Және онымен бірге болған тағы бес жігіт те жазасын алды.
Бұл төбелеске жалпы саны елуге жуық адам қатысқан. Оқиға орнында бір адам қаза тапса, 9 жігіт жарақат алыпты.
Былтыр күзде болған қанды оқиғаның негізгі нұсқасы да енді айтылуда. Яғни қарудан қаза тапқан жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын қызды ренжітіп алған. Сол үшін ауылдың бір топ жігіті оны өлімші етіп сабап кетіпті. Кейін таяқ жеген азамат 40-қа жуық адамды ертіп кек алуға барған. Сол сәтте қарудан оқ атылады.
Бірақ айыпталушылар өздерін кінәлі сезінбейтін тәрізді. Айтуларынша, олар ауыл қызының намысын қорғаған.
Айта кетейік, марқұмның артында жары мен үш перзенті қалды. Балалардың ең кенжесі - жеті айлық. Жәбірленуші тарап сот үкімімен толық келісіп отыр. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмейді. Ал сотталушылардың бұл тұрғыда қандай әрекет жасайтыны әзірге белгісіз.
Дереккөз: baq.kzҰқсас жаңалықтар
Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды
- 17 сәуір, 2025
Әділетті Қазақстанның тірегі – адал азаматтар
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді