Бірінші дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатының алғашқы ойынын Венгрия астанасы Будапештте жергілікті хоккейшілерге қарсы өткізіп, жарқын мәнердегі жеңіске қол жеткізді. Бұл ойында ұлттық құраманың қақпасын швециялық Хенрик Карлссон қорғады. Ол өзінің шын шебер екенін әйгілеп, қақпасын шайбадан аман сақтап қалды. Ал Қазақстан хоккейшілері қарсыластарын ойсырата ұтып, мажар еліне жайдан-жай келмегендерін дәлелдеді. Ойынның алғашқы екі кезеңінде қос команда хоккейшілері алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп аша алған жоқ. Бар мәселені үшінші 20 минуттыққа қалдырды. Кездесудің үшінші бөлігінде қазақстандық хоккейшілер қарсыластарын әбден тықсыртып, есептегі басымдыққа қол жеткізді. Алдымен 44-минутта қорғаушы Валерий Орехов мергендігімен көзге түсіп, ұлттық құраманы алға жетелесе, арада 57 секунд өткенде Евгений Рымарев есепті еселеді. Ал ойынның 48-минутында сол Рымарев екінші шайбасын соғып, хоккейшілеріміз 3:0 есебімен басымдық танытты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




