«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Тараз» айласын асырды

«Тараз» айласын асырды
ашық дереккөз
«Тараз» айласын асырды

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының төртінші туры аясында «Тараз» футбол клубы «Екібастұз» командасын қабылдады. Бұл ойын жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады. Кездесу барысында командалар 6 гол соқты. «Тараз» футболшылары үшін бұл ойында үш ұпай алу аса маңызды еді. Сол себепті жерлестеріміз ә дегеннен басымдықты қолға алуға тырысты. Әйткенмен «Екібастұз» футболшылары да жеңісті қолдан бере салатын ұжым емес екендіктерін аңғартып, ойынның 27-минутында есеп ашты. Гейсар Алекперадзе мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңіске жетеледі. Араға төрт минут салып, «Тараз» командасы таразы басын теңестірді. Предраг Говедарица қанжығасын майлады. Кездесудің алғашқы бөлігі 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның екінші жартысында «Тараз» футболшылары жылдам шабуылдарға арқа сүйеді. 52-минутта Предраг Говедарица дубль авторы атанып, командасын есепте алға шығарды. Бұдан соң кездесудің 60-минутында Константин Дудченко өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 3:1-ге жеткізді. Осы сәтте «Тараз» футболшылары енді жеңісті уыстан шығармайды деп топшылағанбыз. Алайда 77-минутта Аслан Еркен 11 метрлік айып добын орындап, есеп айырмасын қысқартты. Кездесудің 82-минутында Думан Тұрсынбай еншісіне 1 гол жазып, ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп – 4:2. «Тараздың» пайдасында. «Екібастұз» командасынан айласын асырып, үш ұпайды қоржынға салған «Тараз» футбол клубы үздіктер қатарында келеді. Дегенмен бірінші лигада көш тізгінін қолға алу үшін жамбылдық футболшыларға алдағы ойындарда да жеңісті жорықты жалғастыру керек-ақ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар