Бүгiн футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында өткен Коста-Рика-Грекия матчы пенальти сериясында 1:1 (5:3) есебiмен орталықамерикалықтардың пайдасына шешiлдi.
Ойынның 52-ші минутында Брайан Руис костарикалықтарды алға шығарған болатын.
66-шы минутта костарикалық қорғаушы Оскар Дуарте екiншi сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттi пайдаланып, гректер қарсыластар қақпасына шабуылдарды үдете түстi және бұл еңбектерi 90+1 минутта ақталды. Сократис Папастатопулос шабуылдардың бiрiнде есептi теңестірiп, ойынды овертаймға ойыстырды.
Дегенмен жеңiмпаз ол сында да анықталмады. Пенальтилер сериясында қарсыластар алма-кезек доп тепкен. Бұнда Коста-Рика қақпашысы Навас бiр пенальтидi қайтарып, командасына жеңiс әкелдi. Ендi Коста-Рика құрамасы 5 шiлде күнi ширек финалда Нидерландымен кездесетiн болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




