Балық және басқа да су жануарларының көбеюі үшін оларды көктемгі уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде аулауға болмайтыны белгілі. Десе де, жануарлар дүниесіне жаны ашымай, бір күндік пайдасын ойлайтындар баршылық. Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысындағы бірқатар өзен-көлдерде балық аулауға уақытша тыйым салынды.
Атап айтқанда, Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта; Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынды.
Тыныштық аймағын құру мақсатында Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде жыл бойы балық аулауға шектеу қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




