Қазақстандықтар Головкин - Мартиросян жекпе-жегін қашан көре алады
- author «Ақ жол»
- 20 сәуір, 2018
- 675
Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің билеттерінің бағасы белгілі болды. Сондай-ақ, кездесудің қаншада басталатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Басылымның мәліметінше, жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Айта кетейік, бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде рекордтық көрсеткіш орнатылып, 9 323 билет сатылған еді. Ал 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар. Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз. 18 сәуірде, Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасатынын жария еткен еді.
Ақпарат көзі:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




