Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті
- author «Ақ жол»
- 17 сәуір, 2018
- 691
Жат жерде көрмегені жоқ қорғансыз қазақтардың мәселесі әбден ушыққан тұста, депутататр "құқықтарын қорғау керек" деп, үн қатып жатыр. Үкімет пен парламент оянғанша Қытай билігі өз жеріндегі қазақтарды былай қойып, Қазақстанның 11 азаматын да тергеуге алыпты.
"Қандастарымыз босып кетті ғой. Қиналып жатыр ғой. Шын мәнінде қиналып жатыр. Не істерімізді білмейміз.Оған бір тепсініп айтуға да халықаралық жағдай онша келе бермейді. Бірақ, осындай нәрселерге жеңілдікпен қарауға. Кейде рас заңды, бірақ сонда да әділетсіз болып жатады біздің жағдайымыз", - дейді парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.
Айта кетейік тергеу алынған Қазақстанның 11 азаматының 4-і елге оралған. Қалған 7 отандасымыздың тағдырын Сыртқы істер министрінің орынбасары 17 сәуірдегі Үрімжіге сапары барысында шешпекші.
Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы қазақ диаспорасының мәселесін де қозғаймын деп уәде беріп кетті.
Дереккөз: nur.kzҰқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




