Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында банк саласының қызметкері болған, футболшы Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті. Жарысқа 25 команда қатысып, дода көрігін қыздырып бақты. Жеребе тарту рәсімінен кейін командалар шын мықтыны анықтауға ынта-шынтасымен кірісіп кетті. Бірқатар ойындарда командалардың бір-біріне терезесі тең екендігі аңғарылса, кейбір кездесулерде шын мықтылар қарсыластарын ірі есеппен ойсырата ұтып, жеңіске жетуге ұмтылды. Жарыс қорытындысында ойын соңынан кейінгі пенальтиден «Альтаис» командасын 2:1 есебімен ұтқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұжымы топ жарса, «Альтаис» командасына екінші орын бұйырды. Жуалы және Байзақ аудандарының командалары үшінші орын үшін өткен ойында жеңімпазды анықтай алмай, тағы футбол «лотереясына» арқа сүйеді. Нәтижесінде байзақтықтар 2:1 есебімен басымдық танытып, үздік үштіктен көрінсе, жуалылықтарға төртінші орын бұйырды. Сонымен қатар жарыс соңында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша тамаша ойын өрнегін көрсете білген футболшылар анықталып, марапатталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




