Спорт және туризм
Дмитрий Баландин Испанияда екінші алтын медалін жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 10 сәуір, 2018
- 764
Дмитрий Баландин Испанияда екінші алтын медалін жеңіп алды
Жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испанияның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екінші алтынын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы кеше 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шығып, рекорд жаңартқан еді. Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. Ал Айбек Қамзенов 0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды. 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ кеше Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын. Малагадағы жарыс 11 сәуірде аяқталады. Дереккөз: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




