Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Таңат Сағындықов биылғы жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында алауы тұтанатын Азия ойындарына қатысуы мүмкін балуандардың есімдерін атады, деп жазады "Айқын" газеті.
Майталман маманның таңдауы мына спортшыларға түскен екен: 59 келі - Алмат Кебісбаев, 66 келі - Асхат Жаңбыров, 71 келі - Мақсат Ережепов, 75 келі - Досжан Қартықов, 80 келі - Азамат Қыстубаев, 85 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов, 98 келі - Ерұлан Ысқақов және 130 келі - Нұрмахан Тынәлиев.
«Әзірге осындай шешім қабылдап отырмыз. Алайда Азия ойындарының басталуына әлі біраз уақыт бар. Егер балуандарымыз жарақат алған жағдайда немес баз біреулер осы аралықта босаңситын болса, онда оларды өзгелермен алмастыруымыз мүмкін», - дейді Таңат Сағындықов.
Биыл Азиададан бөлек, тағы бір дүбірлі дода бар. Ол - әлем чемпионаты. Аталмыш жарыс 27-29 қыркүйек аралығында Ташкентте өтеді. Еліміздің екінші нөмірлі балуандары Өзбекстандағы бәсекеде бақ сынайды, ал бұл жарысқа кімдердің қатысаны бірер күннен кейін белгілі болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




