Назиманың айтуынша егер өз еліңде жетістікке жете алмасаң, өзге елге кетуді ар санамайды. Сондықтан ол болашақта Ресейге көшіп, көрші елде жұлдызын жағуды ар санамайды.
Ел жаңалықтары
Тиматидің назарына түскен қазақ қызы Ресейге көшетінін айтты
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2018
- 1.1k
Тиматидің назарына түскен қазақ қызы Ресейге көшетінін айтты
Ресейлік ТНТ арнасындағы "Песни" шоуында өнер көрсеткен Назима Жәнібекованың танымалдылығы артып келеді. Аз уақыттың ішінде оның желідегі парақшасына алты мың адам қосылып, 27 жастағы бойжеткеннің тасы өрге домалай бастаған. Назима hommes.kz сайтына сұқбат беріп, аталған жобаға қалай келгенін айтып берді.
Бір күннің ішінде "жұлдыз" болып оянған ол бұл жобаға қалай келгенін айтты. Назима "Песни" шоуына қатысуға өтінішті досының кеңесімен жасағанын айтады. Жобаға қатысу оңай болмаған. Үміткерлер бір минуттың ішінде өз қабілетін көрсетіп, мойындатып үлгеруі керек болған.
Осылайша қатаң мамандардың алдында ол өз өнерін көрсетіп, қабілеті зор екенін дәлелдеген. "Мәскеуде көптеген адамдар менің қай жақтан келгенімді сұрап әлек болды. "Қазақтар сондай талантты" дегендер де аз болмады. Мұны естігенде қуаныштан жүрегің жарылардай күйде боласың", - дейді Назима.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




