Бірнеше күнге созылған велоспорттан Қазақстанның қысқы біріншілігі мәресіне жетті. Тараз төрінде өткен ел чемпионаты тартысқа толы болды. Ерлер мен қыздар арасында ұйымдастырылған додаға 165 спортшы қатысып, жүлде жолында аянып қалған жоқ. 25 шақырымдық сында жеңіс Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Степан Астафьевке бұйырса, күміс жүлде жерлесіміз Дінмұхамед Ұлысбаевтың еншісіне тиді. Алматылық Юрий Натаров қола жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық қашықтықтың алтын жүлдесі астаналық Марина Курносоваға бұйырса, ерлер арасында (40 шақырым) алматылық Григорий Штейн чемпион атанды. Ал 20 шақырымдық арулар аламанында алматылық Фаина Потапова жеңіс тұғырынан көрінсе, 120 шақырымға созылған ерлер бәсекесінде солтүстікқазақстандық Алексей Волошиннің жұлдызы жарқырады. Жарыстың соңғы күнінде ерлер 50 шақырым қашықтықта командалық көшбасшыны анықтады. Виктор Окишев, Александр Овсянников, Степан Астафьев, Алексей Волошин секілді тәжірибелі велошабандоздардан құралған Солтүстік Қазақстан облысының командасы бұл сында ешкімге дес берген жоқ.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




