Алматы қаласында бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жасөспірімдер додасына еліміздің кіл «сен тұр, мен атайын» боксшылары қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Айтулы аламанға жамбылдық жасөспірімдер де қатысып, олжалы оралды. №6 спорт мектебінің жаттықтырушысы Дархан Құманәлі баптайтын төрт бірдей өреніміз жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Әсіресе 32 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекасыл Есмұрзаев қарсыластарының барлығынан айласын асырып, топ жарды. Ол әр жекпе-жек барысында комбинациялық шабуылдарымен қарсыластарын тықсыртты. Жас та болса тәжірибесі толыса бастаған бүлдіршіннің аяқ алысы баршамызды қуантты. Турнирде Бекасылдың алтын жүлдесінен бөлек үш бірдей күміс жүлде бұйырды. 36 килограмм салмақтағы Ырысжан Әбубәкір, 26 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Мейрамбек Молдабек, 30 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бексұлтан Ізбан дәстүрлі додада екінші тұғырдан көрінді. Аты аталған төрт боксшы да №60 мектептің түлектері екен. Бір оқу ордасында білім алып жатқан жасөспірімдердің болашағы зор екені анық.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




