Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева әлемдік рейтингте ТОП-15-ке енді
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2018
- 783
АСТАНА. Қазақпарат - Конькишілердің халықаралық одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Әйелдер арасында бірінші орынды канадалық спортшы Кэйтлин Осмонд иеленді. Сондай-ақ, алғашқы 5-тікке ресейлік үш мәнерлеп сырғанаушы - Евгения Медведева, Мария Сотскова, Алина Загитова және жапон қызы Сатоко Мияхара енді.
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 14-орында тұр.
Одан бөлек, рейтингке тағы үш қазақстандық спортшы енген: Айза Мамбекова - 95, Жансая Адыханова - 196 және Алана Тоқтарова - 261-орында.
Ерлер арасында жапондық Юдзуру Ханю топ бастап тұр. Екінші орынға оның отандасы Сома Уно табан тіреген. Одан бөлек үздік бестікке америкалық Нэтан Чен, ресейлік Михаил Коляда, испандық Хавьер Фернандес енді.
Қазақстандық Денис Тен 31-ші орынды місе тұтты.
Тағы екі отандасымыз тізімге енген: Абзал Рахымғалиев - 92, Артур Панихин - 199-ші.
Дереккөзі:infom.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




