Қазақстандық боксшы канадалық промоутерлік компаниямен келісімшарт жасады
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2018
- 645
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов танымал канадалық «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Бүгін канадалық промоушен осы жаңалықпен Facebook-те бөлісті. Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы, 20 жастағы Садриддин Ахмедов 2017 жылдың күзінде кәсіпқой боксқа өтетінін мәлім еткен еді. Жас қазақстандық боксшының америкалық «Heavyweight Factory» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қоюы жоспарланған болатын. Алайда, қандай да бір себептермен жасалған жоқ. Бүгіннен бастап Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы мансабымен оның канадалық промоутері Камиль Эстефан айналысады. Еске салайық, Камиль Эстефан бірнеше жылдан бері канадалық боксшы Давид Лемьемен, сондай-ақ қазақстандық Батыр Жұмашев, Абылайхан Хұсайынов және Нұрзат Сабыровпен жұмыс істеп келеді.
Дереккөзі:infom.kz
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




