Семей қаласында өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Қазақстан чемпионатына еліміздің әр қиырынан кілең «сен тұр, мен атайын» балуандар қатысып, жарыс көркін барынша қыздырып бақты. Барлық салмақ дәрежесіндегі белдесулер тартысқа толы жағдайда өтті. Ел чемпионатына дайындықты ерте бастаған жамбылдық оғландар айтулы аламаннан екі бірдей жүлдені олжалап оралды. Асылжан Байзақов баптайтын облыс құрамасы бұл сында 18 балуанға сенім артқан болатын. Әйтсе де 248 спортшы қатысқан жарыста жеңістің оңай келмейтіні белгілі. Қазақстан біріншілігінде 87 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мейірбек Қордабайдың мерейі тасыды. Қарсыластарын ұтымды әдіс-айла қолдана жүріп жеңген ол финалда да керемет күрес үлгісін көрсетіп, топ жарды. Сонымен қатар 67 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен Айбек Унтуповқа күміс медаль бұйырды. Финалға дейінгі қарсыластарын бұйым құрлы көрмеген Айбек тек соңғы белдесуде ғана қарсыласына жол беріп, күмісті қанағат тұтты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




