боксшы Асланбек Шымбергенов Польшада топ жарды
Қандай жарысқа барса да тұрақты нәтиже көрсететін жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов Польша төрінде өткен Феликс Штамм атындағы турнирде де топ жарды. Қазақтың төл салмағы 69 килограммда сынға түсіп жүрген Аслан барлық додаға асқан жауапкершілікпен дайындалатыны белгілі. Құдайы көршіміз Өзбекстан боксшыларына есеміз кетіп жүргенде Данияр Елеусіновтен кейін Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовты соққының астына алып, жарқын мәнерде жеңіс тойын тойлағанын қалай ұмытамыз? Польша төрінде керілген шаршы алаңда чехиялық Зданек Хладек, неміс Магомед Шачидовты ширақ қимылдай жүріп, еркін ұтқан жампоз финалдық жекпе-жекте ресейлік Сергей Собылинскийді жеңіп, өзінің шын мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеді. Шеберлігі мен тәжірибесі әбден толысқан Ермек Ертаевтың шәкіртіне «Жарайсың, Асланбек!» дестік. Бүгінгі таңда ұлттық құрамада Асланбекпен қатар қарағандылық Абылайхан Жүсіпов бар. Алдағы байрақты бәсекелерде ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов кімге сенім артпақ? Ұдайы сыр алдырмайтын Асланбекті таңдай ма, әлде Абылайхан Жүсіповтің жасындай жарқырауына мүмкіндік бере ме? Оны уақытында көрерміз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




