Ел чемпионаты мен кубок жарысына қатысады
Боксшылар арасындағы бәсеке төрт күнге созылды. Тараз қаласындағы Бокс сарайында жалауы желбіреген бұл дода негізінен ел чемпионаты мен Қазақстан бокс федерациясының кубогын сарапқа салатын жарысқа облыс құрамасын іріктеу мақсатында өткен еді.
Шаршы алаңдағы шайқастардың бас төрешісі Қайрат Жұманқұлов болды. Жеңіл салмақта Шерхан Сүгірбек, 52 килограмм салмақта Азамат Исақұлов, 56 килограмм салмақ дәрежесінде Жанболат Қыдырбаев топ жарды. Облыс үздіктерін анықтаған додада жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында Жәнібек Күшенбаев (60 килограмм), Абылай Әлиханов (64 килограмм), Айтжан Шлеев (69 килограмм), Нұрсұлтан Жаңабаев (75 килограмм), Сұлтанбек Данаев (81 килограмм), Әбілқайыр Тұрланбеков (91 килограмм) және аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұрсұлтан Аманжолов бар. Ал Е. Тасқара, Е.Әбдраимов, А.Жақыпов, Е.Сейдалиев, А.Салтаев, А.Исаев, Д.Құрманәлі, М.Медетов, Ә.Аман, Р.Әшірбеков ақтық бәсекеде жоғарыда есімдері аталған боксшыларға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Қолаға қол жеткізгендер де осал боксшылар емес. Мәселен, Дулат Бекбауов, Асхат Нәметкерім сынды былғары қолғап шеберлері – түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлдегер атанған спортшылар. Осы жарыста үшінші орыннан көрінсе де Н.Темірбай, Е.Жұмағұлов, Ж. Әлімбек, С.Абай, Б.Радқұлов, С.Керамадинов, А.Момышев, С.Социализм, Р.Оманов, Ф.Бекболатов, Е.Таңатов, Ә.Аманжол болашағынан үміт күттіретін боксшылар екенін көрсете білді. Облыс чемпионаты спортшылардың жаңа қырларын ашты десек, қателеспейміз. Жарыс қорытындысында Ермек Әбдраимов «Жеңіске деген жігерлілігі үшін» аталымы бойынша марапатталса, Нұрсұлтан Жаңабаев «Үздік боксшы» атанды.
Әшірәлі Кенжеғара, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік жолын жеңіспен ұштастырған өрендерӨрнек
- 23 желтоқсан, 2024
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді