Биылғы әлемдік доп додасы жасыл алаңдағы өнері және «тәртібі» жағынан да жұрттың назарына іліккен футбол жұлдыздарынан кенде еместігін біз бұрын да жазып көрсеткенбіз. Солардың арасында ара-тұра болса да айқай-шудың шығуына себепкер болып қалатын уругвайлық шабуылшы Луис Суарес те бар. Тентектігімен де, доп тебу мәнерімен де көпшілікті таңғалдырып жүретін Суарес бұл жолы да қарап қала алмады. Топтық кезеңнің үшінші айналымында Италия құрамасына қарсы өткізілген кездесуде допқа талас кезінде қорғаушының иығын тістеп алды. Суарестің бұл жолғы «құрбаны» – италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллинии. Матчта ойынның бас төрешісі Марко Радригес бұл тәртіпсіздікті ескермегенмен, ФИФА-ның вице-президенті Джим Бойс мұны қараусыз қалдырмайтынын айтты. Кездесу барысындағы осы бір эпизод арнайы тексеріліп, қорытындысы шығарылғаннан кейін Суарес жазаға тартылуы мүмкін. Луис тентектігімен өзінің жағдайын қиындатып алатын түрі бар. Тергеу ісінің қорытындысы бойынша оны кінәлі деп тапса, ФИФА-ның тәртіптік кодексіне сәйкес, осы тәртіпсіздігі үшін қатаң түрде 24 матчқа немесе екі жылға футболдан шеттетілуі мүмкін. Футболсүйер қауымға Суарестің бұл «әдеті» жақсы таныс. Бұған дейін ол «Аякс» сапында ПСВ қорғаушысы Отман Баккалды, «Ливерпуль» сапында «Челси» қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп алған екен. Тіпті, «Челси» ойыншысын қыршып алғаны үшін ойыннан он матчқа шеттетілген болатын. Қазір әлеуметтік желілерде Суарестің жайы қызу талқылануда. Бір қызығы – норвегиялық жанкүйер букмекерлік кеңседе «осы кездесуде Луис міндетті түрде қарсыластарының бірін тістеп алады» деп бәс тіккен екен. Сөйтіп, жорамалы дәл келген Суарестің фанаты шамамен 916 АҚШ доллары көлемінде ақша ұтып алыпты.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік жолын жеңіспен ұштастырған өрендерӨрнек
- 23 желтоқсан, 2024
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді